Абай елі – өнер кеніші
Семей қаласындағы Абай алаңында ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойы аясында «Абай елі – өнер кеніші» атты аудан өнерпаздарының облыстық концерті табысты өтті.
Мерекелік шара Абай елі ретінде танылған өңірдің мәдени-рухани әлеуетін паш етіп, аудандық деңгейдегі талантты өнерпаздарға өз өнерін кең ауқымда танытуға мүмкіндік берді. Облыстың әр түкпірінен жиналған өнер ұжымдары ұлттық мәдениеттің үздік үлгілерін сахнаға шығарып, көрерменді рухани бай мұрамен сусындатты.
Концертте дәстүрлі ән мен күй, терме мен би, театрландырылған көріністер мен заманауи өнер туындылары орындалып, көрермен назарына жергілікті мәдениеттің байлығы мен алуан түрлілігі ұсынылды. Шара – өнердің сабақтастығын, халық шығармашылығының өміршеңдігін айқындаған мазмұнды кеш болды.
Бұл концерт жарқын мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар халық өнерін қолдау жолындағы маңызды қадам болды. Дәл осындай шаралар ел ішіндегі өнер иелеріне қолдау көрсетіп, өңірлік мәдениетті дамытуға серпін берген маңызды мәдени оқиға ретінде есте қалды деп сенеміз.
«Жұлдыз-ақпарат»