Абай облысында – 42%, Ақтөбеде – 52%, Ақмолада – 56% игерілген.
«Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды ескере отырып, Көлік министрлігіне және Ұлттық сапа орталығына 1 қазанға дейін барлық автожол жобаларының жүзеге асырылуын тексеруді тапсырамын. Оның қорытындысында анықталған кінәлілерді жазалау бойынша есеп пен ұсыныстар енгізілсін. Көлік және Қаржы министрліктеріне Ұлттық сапа орталығының қызметін күшейту бойынша шешімдер дайындауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.