Жолдар мен көлік инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтеріледі
Жолдауда Президент жолдар мен көлік инфрақұрылымын дамытуға басымдық берді. Ақтөбе облысы үшін бұл бағыт өте маңызды. Өңірдің аумағы үлкен, ауылдар бір-бірінен шалғай орналасқан. Сондықтан сапалы жол – тұрғындардың тұрмысына да, бизнестің дамуына да тікелей әсер етеді.
Жолдардың жақсаруы ауылдан қалаға қатынауды жеңілдетеді, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау тиімді болады. Ақтөбе транзиттік тұрғыда ыңғайлы жерде орналасқандықтан, ол болашақта ірі логистикалық орталыққа айнала алады. Бұл жаңа жұмыс орындары мен инвестициялардың келуіне жол ашады.
Жолдармен бірге көпірлер, теміржол, әуе қатынасы да дамыса, облыстың экономикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Халыққа күнделікті тұрмыста жеңілдік жасалады, кәсіпкерлердің де мүмкіндігі артады.
Жаңа автобустар мен қоғамдық көліктерді жаңарту, жол бойындағы сервисті дамыту – халық үшін қолайлы жағдай туғызады. Осындай бастамалар өңірдің дамуына нақты серпін береді.
Мәншүк Сапарова,
Жас белсенді