Президенттің Жолдауында айтылған ойлар мен үшін өте өзекті. Әсіресе, өскелең ұрпақтың бақытты, берекелі өмір сүруі туралы сөзі мұғалім ретінде жүрегіме тікелей әсер етті. Себебі біз – келер ұрпақты тәрбиелеп, біліммен қаруландыратын жандармыз.

Цифрландыру мен жасанды интеллект дәуіріне қадам басу – білім саласына да үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз жаңа технологияларды игеріп, оқушыларды болашақтың талаптарына сай дайындауымыз керек. Бұл – жай ғана кәсіби міндет емес, ұлттық мүдде.

Президентіміздің еліміздің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұстанымын толық қолдаймын. Ел ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан мұғалімдер қауымы бұл жауапкершілікті терең сезініп, табанды еңбек етуге дайын.

Бірлігіміз бекем, біліміміз терең болса – болашағымыз жарқын болады деп сенемін.

Қанзада Тұрсынова
ұстаз