«Адалдыққа бір қадам» – асыл мұратқа апарар жол

 Әділеттілік пен адалдық – қоғамның дамуы мен өркендеуінің берік іргетасы. Осы құндылықтарды жас ұрпақ санасына сіңіру, ұстаздардың шығармашылық ізденісін арттыру мақсатында 30 қыркүйекте «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы облыстық эссе байқауын ұйымдастырады. Байқау атауы да терең мәнге ие – «АДАЛДЫҚҚА БІР ҚАДАМ».

 Бұл сынға техникалық және орта кәсіптік оқу орындарының, облыстық білім беру мекемелерінің, мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы орта білім беру орындарының, сондай-ақ қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері қатыса алады. Яғни, облыс ұстаздарына ортақ үлкен шығармашылық алаң болмақ.

Эссе байқауы – жай ғана жарыс емес. Бұл – әрбір педагогтің ішкі жан дүниесіндегі адалдыққа деген көзқарасын, қоғам алдындағы жауапкершілігін, болашақ ұрпаққа аманат етер өнегесін қағаз бетіне түсіруге берілген мүмкіндік. «Адалдыққа бір қадам» – әр ұстаздың өз ісіне, өз кәсібіне деген шынайы махаббатын, елдің болашағына адал қызмет етуге деген ниетін паш ететін рухани сынақ.

Ұстаз үшін ең үлкен марапат – шәкіртінің сенімі, ата-ананың ризашылығы, қоғамның құрметі. Ал адалдық – осы сенім мен құрметтің бастауы. Байқау осы асыл қасиетті дәріптеумен ерекшеленеді.

Қатысуға ниет білдіргендер үшін қосымша ақпарат төмендегі байланыс нөмірлері арқылы ұсынылады:

📞 +7 707 333 53 70
📞 +7 771 290 20 67
📞 +7 747 461 57 87
✉️ media.baspa@mail.ru

 

«Жұлдыз-ақпарат»