Алдағы жұмыс барысын талқылады
Вице-Президенттің айтуынша, мемлекет қордаланған жүйелі проблемаларды біртіндеп шешіп, болашақтағы дамудың берік негізін қалауда.
– Президент Жолдауда стратегиялық маңызы бар жаңа бастамаларды көтерді. Олар Құрылтай тарапынан сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді талап етеді. Осы бағытта партия фракцияларымен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Ерлан Қарин.
Партия фракцияларының жетекшілері Жолдауда көтерілген бастамаларды қолдап, ашық әрі сындарлы ынтымақтастыққа және бірлескен жұмысқа дайын екенін мәлімдеді.
Кездесуге «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рахымжанов, сондай-ақ Президенттің Құрылтайдағы Өкілдігінің басшысы Мұрат Қайырбек қатысты.
