Алға аудандық мәслихат депутаттары Д. Кубесова, А. Аимбаев және И. Карасаева қатысуымен В.И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында «АМANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды Жол картасындағы 2026 жылғы индикаторларының орындалуы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, партия мүшелерінің алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға қатысты ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Жиынға мектептің педагогикалық ұжымы қатысып, білім беру саласына қатысты өзекті мәселелер ортаға салынды.