Алға ауданында кәсіптік оқыту тиімді жүзеге асырылуда
2024–2029 жылдарға арналған Еңбек нарығын дамытудың тұжырымдамасы аясында еліміз бойынша еңбек күші тапшылығын шешу және халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған болатын.
Биыл Жұмысшы мамандықтар жылына байланысты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына 45 жұмыссыз азамат жолданды. Бұл шара жұмыссыздық деңгейін төмендету және аудан тұрғындарын сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу мақсатында жүзеге асырылды. Қысқа мерзімді курстың ұзақтығы 3 айды қамтыды және келесі мамандықтар бойынша ұйымдастырылды. Оның ішінде:тігінші -3 адам, аспазшы- 7 адам, шаштараз -6 адам, кондитер -2 адам, тракторшы- машинисті -10 адам, қазандық операторы 17 адам .
Оқыту барысында қатысушыларға стипендия төленіп, қажет жағдайда жол жүру және жатақхана шығындары өтелді. Бұл – әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін үлкен қолдау болды.
Курсты аяқтаған азаматтардың басым бөлігі жергілікті кәсіпорындар мен шағын бизнес субъектілерінде жұмысқа орналастырылады. Аудандық мансап орталығы мен жұмыс берушілер арасында жасалған келісім шарт жасалады.
Б.Сәлікқызы,
Алға ауданының Мансап орталығы маманы