Ардақты ардагерлер!
Қадірлі аға буын өкілдері!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.
Қашанда үлкенін ұлықтаған елімізде қарияларға деген көңіл ерекше бөлінуде.
Біздің ауданымызда екі жылдан бері «Белсенді өмір сүру орталығы» жұмыс жасауда. Бүгінде орталыққа 380-ге жуық ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыз келіп, салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі қолөнермен айналысады. Одан бөлек, массаж, психологиялық көмек, кітап терапиясы, тағы да басқа пайдалы қызметтер көрсетіледі. Мұның барлығы ұзақ жылдар бойы атқарған еңбектерінің жемісін көріп отырған үлкендеріміздің алдағы күндерін жарқын, денсаулықтарын мықты, ғұмырларын ұзақ ету мақсатында қолға алынып отыр. Егер, ортамызда қарияларымыз аман-сау жүрсе, ырысымыз артып, табысымыз берекелі, алғанымыз алғыс болмақ.
Құрметті аға буын!
Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!
Н.Ержанов,
Алға ауданының әкімі