«Автокөліктерде өрт қауіпсіздігін сақтау»

Өрт – «тілсіз жау». Ол айтып келмейді. Кешіксең, кешірмейді. Сондықтан ондай жаумен күресу үшін төрт қарудың түгел, сақадай сай болуы қажет. Ал бүгінгі таңда автокөліктерде өрт қауіпсіздік ережелері сақталмай отыр. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі.

Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі автокөлікте өрт пайда болған жағдайда не істеу керек екеніне назар аударып, көлік иелеріне арналған мынадай сақтық ережелерін ұсынады.

Құрметті автокөлік иелері:

  • Автокөліктерінізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
  • Үнемі оның дұрыс екенің қадағаланыз, әсіресе электрсымдарға баса назар аударыныз;
  • Өзінізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қол жетімді жерде ұстаныз;
  • Практика көрсеткіші бойынша, өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмірқышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.

Егер сіздің автокөлігіңізде өрт пайда болған жағдайда:

  • өрт шалған уақытта тез арада көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, капотқа жақындатып шашыныз;
  • егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз;
  • жанып жатқан кезде мүміндігінше есік пен терезені ашық қалдырманыз. Көліктің есігін мықтап жапсаныз, өрт шарықтап кетуі мүмкін;
  • жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін оны су мен көбік немесе топырақ сеуіп тастау керек;
  • егер көлігінізден өрт шықса, аккумулятордың клемасын ажыратып тастаңыз.

Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

 

Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі