Аудандық мәслихат депутаты Нургалиев Арман «AMANAT» партиясы Алға аудандықфилиалының ғимаратында мемлекет қызметкерлер алдында есеп берді.


Кездесу барысында депутаттар сайлауалды бағдарламалардың орындалу барысына тоқталып, халық алдында берілген уәделердің жүзеге асуы бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы, инвестициялық жобалар мен инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері және олардың жүзеге асырылу және де «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы Жол картасының орындалу барысын атап өтті.