Азамат құқығы – басты құндылық
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік беретін басты құжат. Ол қоғамдағы әділдік пен теңдіктің, тұрақтылық пен келісімнің берік іргетасы болып саналады.
Конституцияның басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әрбір азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу, заң алдында теңдігін қамтамасыз ету және жеке басының бостандығын қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттары.
Ата Заң азаматтарға өз пікірін еркін білдіруге, білім алуға, еңбек етуге, жеке меншікке ие болуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, заңды мүдделерін сақтауға құқықтық негіз қалыптастырады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Өйткені заң үстемдік құрған жерде әділдік орнап, азаматтардың мемлекетке деген сенімі нығаяды.
Конституция – әрбір қазақстандықтың еркін әрі қауіпсіз өмір сүруінің кепілі, қоғамның бірлігі мен елдің тұрақты дамуының негізі. Ата Заңды құрметтеу, оның талаптарын сақтау және азаматтық жауапкершілікті сезіну – баршамыздың ортақ парызымыз.
Конституция – азаматтардың құқығы қорғалған, бостандығы бағаланған және болашағына сеніммен қарайтын әділетті қоғамның басты тірегі!