Азиада-2026: Семсерлесушілер ел қоржынына 10-шы алтынды салды
ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті. Семсерлесудің сапы бағдарламасында ерлер құрамасы жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды
Туризм және спорт министрлігі
Финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесіп, бас жүлде үшін тартыста жеңіске жетті. Бұл – отандық семсерлесушілердің Азиада тарихындағы үшінші алтыны. Бұған дейін ұлттық құрама Хиросима-1994 және Пусан-2002 Азия ойындарында чемпион атанған.
Қазақстан құрамасының Азиададағы нәтижелері:
- Хиросима – 1994 жыл: алтын;
- Бангкок – 1998 жыл: күміс;
- Пусан – 2002 жыл: алтын;
- Доха – 2006 жыл: қола;
- Гуанчжоу – 2010 жыл: күміс;
- Инчхон – 2014 жыл: қола;
- Джакарта – 2018 жыл: қола;
- Гуанчжоу – 2022 жыл: күміс.
Спортшылар 1/8 финалда Қатарды 45:27 есебімен, ширек финалда Сингапурды 45:36 есебімен жеңді. Жартылай финалда Гонконг құрамасынан 45:34 есебімен басым түсті.
Ұлттық құрама сапында Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, жекелей сында күміс жүлде иеленген Кирилл Проходов және Ерлік Сертай өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, Азия ойындарында ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені марафоншы Ясмина Тоқсанбаева салды.