БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Ақтөбе облысында 2026 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу жұмыстары аяқталды
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы медициналық көмекті сатып алу және төлеу бөлімінің 2026 жылдың 4 айындағы жұмыс қорытындыларын шығарды.
Есепті кезеңде негізгі назар медициналық қызметтерді уақтылы сатып алуға және өңірдегі медициналық ұйымдарды кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуге аударылды.
2026 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу қорытындысы бойынша 85 медициналық қызмет жеткізушімен жалпы сомасы 116,7 млрд теңгеге шарттар жасалды. Жасалған шарттар халықты медициналық қызметтердің түрлі бағыттары бойынша қажетті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және қосымша жеткізушілерді тарту мақсатында филиал тарапынан төрт қосымша тендер өткізілді:
- стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек;
- стационарды алмастыратын жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек;
- амбулаториялық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық көмек;
- медициналық оңалту.
Сонымен қатар 2025 жылы көрсетілген медициналық қызметтер бойынша қаржылық есеп айырысуларды аяқтау жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың желтоқсан айын жабу жұмыстары 2026 жылғы 24 ақпанда аяқталды. Төлем 87 медициналық қызмет жеткізушіге жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеден астам көлемде жүргізілді.
Қорда атап өтілгендей, сатып алу рәсімдері мен жеткізушілермен есеп айырысуларды уақтылы жүргізу денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуінің және халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмектің көрсетілуінің маңызды шарты болып табылады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы медициналық қызметтерді сатып алу және төлеу тетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Бұл МӘМС және ТМККК қаражатын тиімді пайдалануға және халықты қажетті медициналық қызметтермен толық қамтуға бағытталған.