Биылғы жолдау: МӘНІ мен МАҢЫЗЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деген тақырыпта Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын 2024 жылғы 2 қыркүйекте жариялады.

Президент Жолдауын Алға аудандық Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілі ретінде тыңдап, елбасының бизнесті, шағын және орта деңгейдегі кәсіпкерлерді қолдауына көп көңіл бөлгенін аңғардым.

Осы тұста көкейіме бірден қона кеткен маңызды түйіндерді өздеріңізбен бөлісе отырайын:

✅Қазіргі салық заңын қайта қарап, оның мөлшерін дұрыстау;

✅ Банктер туралы жаңа заң қабылдау;

✅Шағын және орта бизнестен түсетін салықты аймақтардың өзінде қалдыру;

✅Отандық бизнестің ұлттық экономикадағы үлесін айтарлықтай ұлғайту;

✅ Инвесторлар мен  кәсіпкерлерге шикізаттық емес өнімдерін экспортқа шығаруына қолайлы жағдай  туғызу;

✅ 2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін қазіргі 7 пайыздан 15 пайызға жеткізу;

✅ Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеу;

✅ Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту;

✅ Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу;

✅ Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі;

✅ Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс;

✅ «Ауыл аманаты» жобасы бойынша «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру;

✅ Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру;

✅ Жалпы, отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті;

✅ Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау;

✅ Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек. Үкімет пен «Атамекен» палатасы осы бағытта нақты шаралар қабылдауға тиіс.

Қысқасы Мемлекет басшысы өз жолдауында ел экономикасын дамыту мен қоғамның орнықтылығын сақтау, халықтың әл-ауқатын көтеру тарапындағы басым бағыттарды белгілеп берумен бірге, оны шешудің нақты жолдарын   да көрсетіп берді.

Б.Длимов,

«Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасы

филиалының директоры