Бүгін Алға индустриялық-техникалық колледжінде студенттермен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді талқылауға арналған кездесу өтті.

Кездесуге «Әділет» партиясы Алға аудандық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Жаумытбаев және партия белсендісі Батылжан Жеткерген қатысты.

Кездесу барысында Президент Жолдауында белгіленген ел дамуының негізгі бағыттары, жастардың қоғамдағы рөлі, сапалы білім алу, кәсіби мамандар даярлау, еңбек нарығының сұранысына сай біліктілікті арттыру және жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы айтылды.

Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.