Дін мен дәстүр ұлттың рухани негізі
Қазақ халқы ғасырлар бойы өз бол мысын, салт-дәстүрін және рухани құндылықтарын сақтап келе жатқан халық. Ұлттық дәстүр мен дін халқымыздың өмірінде өзара сабақтасып жатқан маңызды құндылықтар. Сондықтан дін мен дәстүрдің үйлесімділігін түсіндіру бүгінгі қоғам үшін аса маңызды.
Тарихқа көз жүгіртсек, ата-бабаларымыз ислам дінінің қағидаларын қабылдай отырып, ұлттық салт-дәстүрін сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді. Қазақ қоғамында үлкенді құрметтеу, ата-ананы қадірлеу, көршімен тату болу, жетім-жесірге қамқорлық жасау сияқты қасиеттер ис-лам дінінің адамгершілік қағидаларымен үндесіп жатыр. Осылайша, дін мен дәстүр бір-біріне қарсы емес, керісінше, қоғамдағы бірлікті нығайтып, адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіреді.
Қазіргі уақытта кейбір адамдар ұлттық дәстүр мен дінді бір-біріне қарсы қоюға тырысып жатады. Алайда бұл дұрыс түсінік емес. Ұлттық дәстүріміздің көп бөлігі діннің негізгі қағидаттарына қайшы келмейді. Керісінше, олар қоғамдағы татулық пен сыйластықты нығайтуға қызмет етеді. Мысалы, қонақжайлылық, қарттар мен үлкендерді құрметтеу, жасқа кішіге қамқор болу дәстүрлі қазақ қоғамының маңызды белгілері ғана емес, ислам дінінің негізгі қағидаларына сай іс-әрекеттер болып табылады. Ұлттық дәстүрлеріміз жастардың тәрбиесінде де
маңызды рөл атқарады. Отбасында берілетін тәрбие, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу, қонақжайлылық пен мейірімділік мұның бәрі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтары. Мұндай тәрбиені алған жас болашақта өз отбасына, қоғамға жауапкершілікпен қарайтын азамат болып өседі. Сонымен қатар, жаһандану дәуірінде жаңа мәдениет пен технологиялар жастарға үлкен әсер етеді. Бүгінгі жастар әлемнің әртүрлі мәдениетімен танысып, ақпаратты тез қабылдай алады. Осы себепті ұлттық дәстүр мен дінді дұрыс түсіндіру, олардың ру-хани тәрбиесін сақтау аса маңызды. Дін мен дәстүрді үйлестіре білу қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі.
Дін мен дәстүрдің үйлесімі тек жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға пайда әкеледі. Ол қоғамдық бірлікті сақтап, ұрпаққа дұрыс үлгі көрсетеді. Сондықтан әрбір азамат ұлттық салт-дәстүрді құрметтеп, діннің адамгершілік қағидаларын дұрыс түсінуге ұмтылғаны жөн. Бұл тек рухани байлықты сақтап қана қоймай, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтады.
Қорыта айтқанда, дін мен дәстүр қазақ халқының рухани негізі. Оларды үйлестіре отырып, біз тек жеке тұлғаны ғана емес, қоғамның бүтінін тәрбиелеп, келешек ұрпақты дұрыс бағытта өсіреміз. Ұлттық құндылықтар мен діннің бірлігін сақтау ap азаматтың парызы әрі қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылады.
Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы