ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Сайлауда таңдау жасағандардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының директоры Сайлау Қамиев те бар.
Nº532 сайлау учаскесіне келген мәдениет майталманы:
— Бүгін мен де өз таңдауымды жасап, Құрылтай сайлауында дауыс беруге арнайы келдім. Отбасым, әріптестерім, айналамдағы адамдардың баршасы осы науқаннан тыс қалған жоқ. Өйткені әр дәуірдің өз саяси кезеңі болады. Біз еліміздегі сол үлкен саяси оқиғаға тап келдік — Құрылтай депутаттарын сайлаймыз. Сондықтан Қазақстанның әр азаматы өз болашағын таңдауда, еліміздің гүлденуі жолында таңдау жасайды деп сенемін, — дейді ол.
Өнер адамы саяси оқиғадан тек жақсылық күтетінін атап өтті.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.