Кәсіп үйреніп, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды

Жұмыссыз азаматтарды кәсіпке баулу, кәсіби әлеуетін арттыру және еңбекпен қамту – әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Алға аудандық Мансап орталығы тұрғындардың сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне мүмкіндік жасап келеді.

Мансап орталығы «Қасиет-АБИ» ЖШС-мен бірлесіп, 17 жұмыссыз азаматшаны қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өткізді. Оның 9-ы тәрбиеші көмекшісі, 8-і аспаз мамандығын меңгеріп, оқу аяқталған соң тиісті куәліктерін алды. Сонымен қатар, «Мастер» оқу орталығында 8 азаматша кондитер мамандығы бойынша білім алып, кәсіби даярлықтан өткенін растайтын құжатқа ие болды.

Мұндай оқыту курстары азаматшалардың жаңа дағдыларды игеріп, еңбек нарығында өз орнын табуына жол ашады. Алға аудандық Мансап орталығының бұл бағыттағы жұмысы тұрғындардың жұмыспен қамтылуына және кәсіби дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.

Әлеуметтік қызметкерлер күні қарсаңында халыққа қолдау көрсетіп, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген барша маманға алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болып, игі бастамаларыңыз табысқа жетелей берсін!

Б.Сәлікқызы,

 Алға аудандық

Мансап орталығының маманы