Конституция — дамудың жаңа бастауы
Жаңа Конституция – еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына тың серпін беретін маңызды қадам. Конституцияда белгіленген қағидаттар әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге,
азаматтардың жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге негіз болады.
Ел дамуының басты тірегі – халықтың бірлігі, қоғамдық келісім және ортақ мақсатқа деген сенім. Әрбір азамат заңды құрметтеп, ел болашағына бейжай қарамай, қоғамның дамуына өз үлесін қосуы тиіс.
Конституция – жарқын болашақтың кепілі, жаңару мен өркендеудің бастауы!
Өйткені қуатты мемлекет құру – ортақ міндет, ал елдің ертеңі бүгінгі таңдауларымыз бен нақты іс-әрекеттерімізге байланысты.
Алға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекжан Аппазов