Мемлекет басшысы Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
Осыған дейін Мемлекет басшысының Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде — 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен баратыны туралы жаздық.