«Президент Жолдауы — ел дамуының басты бағдары»
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында «Әділет» партиясы Алға аудандық филиалының «Бесқоспа» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Президент Жолдауында белгіленген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы жаңғырту, ауыл шаруашылығын қолдау, цифрландыру, білім беру мен әлеуметтік саланы жетілдіру бағытындағы басым міндеттер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Жолдауда айтылған бастамаларды жергілікті деңгейде жүзеге асырудың маңыздылығы сөз болды.
Бастауыш партия ұйымының мүшелері өз пікірлерін білдіріп, көтерілген мәселелер бойынша ой бөлісті. Кездесу соңында Жолдауда айқындалған міндеттерді орындау жолында партия мүшелерінің қоғамдық белсенділігін арттыру, елді мекендердегі өзекті мәселелерді назарда ұстау және тұрғындармен тұрақты байланыс орнату қажеттігі атап өтілді.