«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде тіркелген саяси партияларға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

 

  1. Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см құны — 400 теңге.
  2. Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны — 450 теңге.
  3. Үгіттік материалдарын газеттер сайттарында орналастыру құны – жалпы сомадан 50%.

Аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің таралымы -1200 дана.

Газеттің шығу жиілігі аптасына 1 рет

Жұма күні — D2 форматта;

  1. Тіркелген саяси партияларға ұсынылатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына саяси партияның сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
  2. Үгіттік материалдарын газет беттерінде орналастыру Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газеті ЖШС-нің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
  3. Үгіттік материалдарын газеттерде жариялау үшін күтілетін жарияланым күніне дейін 3 (үш күн) күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
  4. Мақалалар WORD форматында, фотосуреттер jpeg форматында қабылданады.
  5. Жасалған шарт бойынша Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде орналастырылған үгіттік материалдары үшін ақы төлеу ұсынылған шоттың негізінде, берілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  6. Үгіттік материалдарды газетке орналастыру үшін қабылдау 2026 жылғы 23 шідеден бастап 2026 жылғы 19 тамызы күнгі сағат 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.

       Р.S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Мекен-жайымыз: Алға ауданы, Алға қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 16 үй, 17 пәтер.

                                               Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газеті ЖШС-і