Құрметті Алға ауданының жастары!

«Жасыл ел» еңбек жасағына мамыр айына құжат қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Жобаға қатысамын деген жастар төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

Қажетті құжаттар тізімі:
1. Жеке куәлік көшірмесі – 3 дана;
2. 075 медициналық анықтама – 1 түпнұсқа, 2 көшірме;
3. Оқу орнынан анықтама – 1 түпнұсқа, 1 көшірме (оқушылар мен студенттер үшін) немесе жұмыссыздығы туралы анықтама (жұмыссыз жастар үшін)
4. 18 жасқа толмағандар үшін:
— ата-анасының қолхаты (қолмен толтырылады) және ата-анасының жеке куәлік көшірмесі;
5. Әлеуметтік мәртебесін растайтын анықтамалар (аз қамтылған, көп балалы отбасы, асыраушысынан айырылу және т.б.);
6. Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
7. Жұмысқа орналасу туралы өтініш (қолмен толтырылады);
8. 2 дана файл.

Байланыс: 8 707 361 4948
 Email: jasalga@yandex.kz

Алға аудандық жастар ресурстық орталығы