«Ана — өмірдің мейірім бастауы, жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атауының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды, аналардың қадір — қасиетін құптау төл парызымыз. Дені сау ұрпақты дүниеге әкелетін, болашақ еліміздің патриоттарын тәрбиелейтін аналарымыз аман болсын.
Күміс алқа мен орден куәлігін алу — аналар үшін зор мәртебе. Осындай кереметтей марапатқа ие болған балабақшамыздың педагог-модератор тәрбиешісі Нұрсұлу Жалғасбайқызын шын жүректен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз.
Игі тілекпен, «Айгөлек» бөбекжай балабақшасының ұжымы