Шаттыққа толы Жаңа жыл!

25 желтоқсан күні Алға қаласындағы «Алуа» мейрамханасында ерекше балалар үшін ерекше жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды. Іс-шараға Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев қатысып, мереке қонақтары мен балаларға жылы лебізін жеткізді.

Мейрамның басты демеушісі Серік Сапарұлы балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, олардың қуанышына ортақтасты. Мереке барысында ойындар, қойылымдар, түрлі сайыстар өткізіліп, 50 балаға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Бұл игі іс-шара ерекше балаларға шаттық сыйлап қана қоймай, олардың қоғамның маңызды мүшесі екенін тағы бір мәрте айғақтады. Аудан әкімдігі мен демеушілердің қолдауымен өткен шараның балалардың жаңа жылды қуанышпен қарсы алуына ықпал еткені сөзсіз.

Осындай қайырымды істердің көптеп ұйымдастырылуы – қоғамымыздың мейірімділігі мен ауызбіршілігін көрсететін тамаша үлгі. Жаңа жыл мерекесі барлық балаларға шаттық пен бақыт әкелсін!

Марал Жалғасқызы