Жеті жыл: осы кезеңдегі маңызды оқиғалар, негізгі шешімдер мен басты нәтижелер — бір инфографикада
2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 2019 жылдың I тоқсаны мен 2026 жылдың I тоқсанындағы деректерді салыстырсақ, осы кезеңде елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерінде елеулі өзгерістер ұшырады.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2,3 есеге өсті: 715,5 мың теңгеден 1 661,6 мың теңгеге дейін. Долларлық мәнде өсім 1,7 есені құрады: $2005-тен $3338-ге дейін.
Таза сыртқы қарыз 1,45 есеге төмендеді: жан басына шаққанда $51 мыңнан $35 мыңға дейін. Бұл ретте елдің жалпы халықаралық резервтері 2,47 есеге өсіп, $66,8 млрд-қа жетті, ал резервтердегі монетарлық алтын көлемі шамамен 3,5 есеге артып, $51,8 млрд болды.
Осы кезеңде ең төменгі зейнетақы 1,9 есеге өсіп, 36 108 теңгеден 69 049 теңгеге жетті.
Сондай-ақ ХВҚ деректеріне сәйкес, Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына кіріп, экономикалық өсу қарқыны бойынша көшбасшы бестіктің құрамына енді.