Сәрсенбінің сәтті күнінде Алға қаласы мен Бестамақ ауылы тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді. Көтерілген мәселелердің көбі тұрғын үй мен жерге қатысты болды.
Жұмысшы топ құрамына «AMANAT» партиясы облыстық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Майра Алдиярова, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының заң кеңесшісі Гульсум Кульжабаевна, Алға аудандық мәслихатының төрағасы Марат Тулеуов, Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Гульфариза Бошанова, Алға аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік болімінің бас маманы Атымтай Төлеуханов кірді.
«AMANAT» партиясы Алға аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирлан Джалгаспаев қабылдауға келген тұрғындарды жұмысшы топ құрамымен таныстырып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өтініштерін жеткізе алатынын айтты.
Бестамақ ауылында бастау алған тұрғындарды қабылдауда келушілер қатары көп болды. Ауыл тұрғындарының көбі тұрғын үй қажеттілігін алға тартты. Оның ішінде көп балалы, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналардың жан айқайы тыңдалды. Сонымен қатар, қабылдау барысында Бестамақ ауылдық округінің тұрғындары тарапынан мал шаруашылығымен айналысу үшін 42 разъездден жер бөліп беру, тұрғын үй құжаттарын қайта тіркеу, «Ауыл аманаты» жобасына қатысты сұрақтар қойылды.
Алға қаласында жалғасын тапқан қабылдауда алғалықтар әлеуметтік көмекке, қайтарымсыз грант пен «Ауыл аманаты» жобасына қатысты сұрақтар қойды.
P.S: Жұмысшы топ өкілдері ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын жіткізіп, бағыт-бағдар мен кеңес берді. Айтылған мәселелер шешімін тапқанға дейін партияның назарында болады.
М.БОЛАТБЕК