Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

 

«Кітап дегеніміз-алдағы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ойлаудан да тиылар едік», — деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу — әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Осы орайда, кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, әлем әдебиетінің қазақ тілінде қолжетімді болуына жағдай жасау мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп»2020-2025 жобасын бекіткен болатын.

Осы жоспар аясында мектебімізде біршама игі істер өз легімен атқарылуда.   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудандық білім бөлімінен бөлінген қаражатпен көркем әдеби кітап қоры биылғы оқу жылында 325 данаға толықты. Әртүрлі бағыттағы көркем әдеби кітаптар, көркем әдеиеттер, еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тілімізге аударылған шетел әлем әдебиеті сонымен бірге, қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары білім алушыларға ұсынылды.

Кітапханада жоспарға сай оқушылардың арасында кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген кітап көрмелері, дөңгелек үстел, буктрейлер, библиофреш, танымдық сағат, заманауи кітапханалық сабақтар өткізіледі. Мектепте казіргі заманға сай  КОВОРКИНГ, БУККРОССИНГ, МЕДИАТЕКА орталықтары және оқушыларды кітап оқуға қызықтыру мақсатында әр сыныпта «Менің сүйікті кітабым» бұрыштары бар.

P.S: Оқу үдерісінде білім алушылардың, ата-аналардың, педагогтардың оқу мәдениетін арттыру, сыныптан тыс іс-шаралар, «Кітапхана қорын көркем әдеиетпен толықтыру» жобаның жол картасы негізінде де үздіксіз жұмыстар жүргізіліп келеді.

 

 

Гаухар Нугманова,

Алға мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі