Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі
Күнделікті тағам рационында қандай тағам түрлері болуы керек? Оның құрамында қандай дəрумендер болғаны дұрыс? Ақуыздың, көмірсутектің мөлшері аз-көбін білу
секілді мəселені алдымен ажыратып алған жөн.
Қазақ халқы «
-
Ас — адамның арқауы» деп тегін айтпаса керек. Шындығында да, адам денсаулығының басты кепілі бұл дұрыс тамақтану. «Ауру — астан» демекші, кез келген ауруды астан табуға болады. Дұрыс тамақтану бұл — күнделікті тұтынатын тағамды тепе-тең етіп пайдалану. Яғни, өзіңізге қажетті əр калорияны жеткілікті мөлшерде тұтынуды айтамыз.
- Тағы бір ерекше атап өтерлігі, күнделікті өмірде таза суды жеткілікті мөлшерде пайдалану. Ол үшін адам əуелі өзінің салмағын есептеп, соған сəйкес күн сайын қаншалықты мөлшерде су пайдалана алатынын анықтай алады. Бірақ бұған күнделікті судан бөлек ішетін шəй, не болмаса өзге де сусындарды жатқызуға болмайды.
(бір знак қойып кетіңізші НАЗАР АУДАР дегендей)
Тәттіден бас тартқан абзал
Мамандардың айтуынша, судың мөлшерін тиісті деңгейден түсірмеген уақытта ғана «толыққанды дұрыс тамақтануға бетбұрдым» деп айта аласыз. Кей адамдар күнделікті жеткілікті мөлшерде су ішкенімен тəттіні шектен тыс қолданып жатады. Не болмаса, өте майлы тамақтарға жақын болуы мүмкін. Диетологтардың пікірінше, мүмкіндігінше дұрыс тамақтануды ұстанатын адамдар тəттіден бас тартқаны дұрыс. Тəттілерден бастартқанымен оларды алмастыратын бастысы денсаулыққа пайдалы тағамдармен алмастыру қажет дейді мамандар.
- Сондай-ақ қуырылған тағамдардан аулақ болғаны абзал. Мəселен, қуырылған тамақтар бірінші кезекте асқазанға зиян келтіретінін естен шығармаған жөн.
Спортты жанға серік ет
Дұрыс тамақтануға көшкен адамдар міндетті түрде спортқа ден қояды. Күнделікті уақытының бір бөлігін спортпен шұғылдануға арнайды. Ал осы дене белсенділігі дұрыс тамақтануға көп əсер етеді. Дұрыс тамақтану мен спортты қатар үйлестіре алып жүретін болсаңыз, көптеген жетістікке жетесіз. Дене мүсініңіз де бірте-бірте тартыла бастайды. Артық майлардан тезірек құтыласыз. Бұлардың барлығын спортпен түзеп, əдемі сымбатқа келуге болады.
Күнделікті тамақ рационында қандай тағамдар болуы қажет?
- Диетологтардың көпшілігі күнделікті тағам рационында ақуыз болуы керектігін айтады.
- Одан бөлек, жеміс-жидек пен көкөністі де жеткілікті мөлшерде қабылдау қажет. Өйткені, олардың құрамында ағзаға пайдалы дəрумендер мен минералдар бар.
Бастысы күн сайын тиісті мөлшерде су ішуді əдетке айналдырыңыз
Негізінен, дұрыс тамақтануды ұстанатын адамдар тауықтың не болмаса күркетауықтың төс етін көбірек пайдалануға тырысады. Өйткені, төс еті көп мөлшерде ақуызға бай тағамға жатады. Бірақ та етті күнделікті тағам рационынан алып тастау қажет деген сөз емес. Оның құрамында да көптеген пайдалы дəрумендер бар. Бастысы, оны дұрыс пісіріп тұтынған жөн.
- Сондай-ақ мамандар қызанақ, қияр, авокада, салат жапырағын жəне т.б. көкөністі жиі пайдалануға кеңес береді. Олардың құрамы дəрумендерге өте бай. Əсіресе, осы авокадо көкөнісін таңғы асқа көбірек қолдануға тырысады.
Қандай тағамдар денсаулыққа зиянды?
Кондитерлік өн
імдердің құрамында көп мөлшерде қант, түрлі бояулар, химиялық қоспалар болады. Бұл өнімдерді күнделікті өмірде жиі тұтыну салдарынан қан құрамындағы зиянды холестерин мөлшері көбеюі жəне семіздіктің алғашқы белгілеріне душар болуы мүмкін.
Газдалған сусындар қант, əртүрлі денсаулыққа зиянды қоспалардан жəне ең бастысы газдан тұрады. Мұндай сусындар шөлдегенде шөлінді қандырғанымен, денсаулықтың нашарлауына əкеліп соқтырады.
- Тəтті кəмпитт
ердің калориясы өте жоғары. Олардың құрамында ГМО, химиялық қоспалар, алуан түрлі жұпар иіс беретін ароматтар болады. Тәттінің миды тынықтыраты
н тұстары болғанымен, көп жеудің салдарынан ағзада қант мөлшері көбейеді. Тіпті сусамыр (қант диабеті) ауруына шалдығуыңыз мүмкін.
Көптеген шұжық өнімдері майлылығы жағынан денсаулыққа зиянды азық-түліктің қатарына жатады. Себебі шұжық өнімдері соя ақуызы, құс еті, мал еті, крахмал ұны, малдың терісінен жəне т.б жасалған қоспадан тұрады.
Фаст-фудқа әуес болм
аңыз!
Қытырлақ əрі ауызда тез еритін қуырылған картоптарды жасау үшін картоп, өсімдік майы, жұпар иіс беретін ароматизаторлар, нəруыз, реңк беру үшін химиялық түрлі қоспалар пайдаланылады. Мұндай тамақтың денсаулыққа берер зиянынан басқа еш пайдасы жоқ.
Фаст-фудтың құрамында өте көп мөлшерде ас тұзы болады. Ас тұзы тамақты ұзақ уақытқа дейін өз қалпында сақтау үшін пайдаланылады. Күнделікті өмірде ас тұзын жиі қолдану артерия қысымының жоғарылауына, жүрек талмасының пайда болуына, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуына əкеліп соғады. Фаст-фудты жиі тұтыну əсіресе жасөспірімдерге кері əсерін тигізеді.
(НАЗАР АУДАР деге
ндей бір символ)
Пайдалы кеңестер
Сіздің асқазаныңыз — қоқыс жəшігі емес! Осыны әрдайым есте сақтаңыз. Бірінші кезекте ол сіздің денсаулығыңыз. Ал денсаулық біздің айнамыз екенін естен шығармаңыз. Сондықтан зиянды тамақтардан бас тартқаныңыз абзал. Бей-берекет тамақтанудан аулақ болыңыз.
P.S: Диетологтар адамдарды дұрыс тамақтануға мейлінше ертерек бетбұруға шақырады. Өйткені бірінші кезекте, денсаулыққа пайдасы жоқ тағамдарды тұтынудың салдарынан бет терісі зиян шегуі мүмкін. Сондай-ақ, түрлі безеулер шыға бастайды. Сондықтан, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
М.Ерсайынова,
Алға аудандық ауруханасының
жалпы тəжірбиелік дəрігері