«Тіл болашағы – балабақшада» аудандық байқауы
31 мамыр күні Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай мектепке дейінгі балаларға арналған дәстүрлі «Тіл болашағы–балабақшада» атты бүлдіршіндер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — мектепке дейінгі білім мекемелерінде мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу. Мақал-мәтелдер арқылы дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту. Тілдің бала өміріндегі құдіретін таныта отырып, ұлттық рухты бойға сіңіру, халқына деген ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Биылғы байқауға ауылдардан барлығы 8 балабақша ұжымы қатысты.Олар:
- «Болашақ» балабақшасының «Болашақ» тобы, (Бестамақ)
- Бөбекжай балабақшасының «Қарлығаш» тобы, (Тоқмансай)
- «NUR» жеке балабақшасының «Тәтті бала» тобы, (Үшқұдық)
- «Балапан» балабақшасының «Балақай» тобы, (Маржанбұлақ)
- «Жұлдыз-ай» бөбекжай балабақшасының «Айгөлек» тобы, (Тамды)
- «Еркетай» жеке балабақшасының «Еркетай» тобы, (Қарақұдық)
- «Адося» жеке балабақшасының «Жұлдыз» тобы, (Бестамақ)
- «Айым» жеке балабақшасының «Ай-Жұлдыз» тобы (Маржанбұлақ ауылы)
Байқауға қатысушылар төмендегідей 3 тапсырманы орындады:
1) Өзі тәрбиеленіп жатқан балалар мекемесін, тобын мемлекеттік тілде таныстыру.
2) «Тіл туралы мақал-мәтелдер» сайысы
3) «Өнерлі өрге жүзер» ән, би сайысы бойынша бүлдіршіндер өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде барлық қатысқан балаларға алғыс хаттар беріліп, әр топқа түрлі номинациялар мен аудан әкімдігінің арнайы дипломдары, бағалы сыйлықтар табысталды. «Егеменді елімнің мол асары, Оқу-білім, өнерге жол ашады» демекші, жеңістеріңіз құтты болсын кішкентай бүлдіршіндер!
Гүлім Кенешова