Мемлекеттік қызметшілер:  талап пен талғам

Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптардың күннен күнге қатайып келетіні бәрімізге мәлім. Қара халықтың талап-тілектеріне орай олардың мінсіз қызмет жасауы – қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды.

2013 жылы 23 маусым елімізде Мемлекеттік қызметшінің кәсіби мерекесі болып белгіленді. Бүгінде мемлекеттік қызметші сан-салада жемісті еңбек етіп жүр. Қазіргі қоғам мемлекеттік қызметшілерден қоғамдық мүдделерге әділ, адал қызмет етуін, өз күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін елдің дамуына жұмсауын күтеді. Осыған орай мемлекеттік қызметте жұмыс жасау үшін адам оны саналы тұрғыдан сезініп, шын ынтасымен жасауы керек. Мемлекеттік қызметші өзінің білімімен ғана пайда келтіріп қоймай, сонымен қатар адамшылық тұрғыдан басқалар бой түзейтін үлгіге айнала білуі керек.

Қазір мемлекеттік қызметшілердің жағымсыз әрекеттері бір жерде көрініп қалса, ол жайлы әлеуметтік желіде ақпарат тез тарайтыны айдан анық. Бұндай жағдай орын алып жатса, біз мұны жасырмаймыз. Жекелеген қызметшілердің қызметтен тыс уақытта жасаған әрекеттері қоғамдық резонансқа айналып, халықтың билікке деген сенімінің төмендеуіне әсер етеді. Дегенмен, «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, санаулы адамдардың айыбы үшін тұтастай мемлекеттік қызметшілерді қаралауға болмайды. Олардың арасында адал, елге аянбай қызмет етіп келе жатқан азаматтар жеткілікті. Қоғамда айтылатын сын-пікірге қатысты біздің тарапымыздан үнемі мониторинг жүргізіліп, алдын алу шараларын тұрақты негізде жүзеге асырылып отырады. Осыдан екі жыл бұрын мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа редакцияда қабылданған болатын. Онда ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адал ниеттілік, және адамға бағдарлану – мемлекеттік қызметтің негізгі әдептік қағидаттары ретінде белгіленді. Осы тұста, әдеп жөніндегі кеңестерде қаралған тәртіптік істердің саны жылдан-жылға төмендеп жатқанын атап өтуге болады.

  Бүгінгі күні ауданның ЖАО штаттық лимиті 123 бірлікті құрайды, оның ішінде 7 бос вакансия бар. 2023 жылы мемлекеттік қызметте теріс әрекет жасағаны үшін 2 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтен шектелді және аудандық тәртіптік Кеңесінде 3 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істері қаралып, Заңға сәйкес тәртіптік шаралары қолданылды. Облыстық Әдеп Кеңесінде 2024 жылы бір мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қаралып, Кеңес шешіміне сәйкес тиісті тәртіптік шарасы қолданылды.

Бұдан бөлек БАҚ-да, атап айтсақ, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде және әлеуметтік желі арқылы жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп салаларында ҚР заңнамасын сақтау мәселелері, мемлекеттік қызмет көрсету және бекітілген жұмыс регламентің сақтау бойынша мақалалар жариялап профилактиқалық және түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырамыз. Аудандық бөлім, қала және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметтік автокөлік құралдарын тек кана қызметтік мақсатта пайдалануына бақылау жасау, жұмыс уақытынан тыс уақытта, демалыс және мереке күндерінде қызметтік көлік құралдарын пайдалану фактілеріне үнемі мониторинг жұмыстары жүргізілетінін де айта өту керек. Нәтижесінде бүгінгі күні аудандық мемлекеттік мекемелерде барлығы 34 қызметтік автокөлік, оның ішінде 31 автокөлік мемлекеттік мекемелердің балансында, ал 3 автокөлік жалдау шартымен пайдалануда болғаны анықталды. Есептік кезеңде қызметтік автокөліктерді мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жоқ. Алға ауданының әкімдігіне қарасты мекемелердің мемлекеттік қызметшілеріне және азаматтық, штаттан тыс жұмысшыларына арналған қызметтік автокөліктерді пайдалану Қызметтік тәртіп нұсқаулығы Алға ауданы әкімі аппарат басшысының 29.01.2021 жылғы №05-2/171 хатымен бекітіліп, барлық мемлекеттік мекеме басшыларына жазбаша түрде таныстырылды.

Әрбір мемлекеттік қызметші елге қызмет етудің маңызды ерекшелігін саналы түрде сезініп, халқымыздың игілігі жолында адал ниетімен еңбек ету арқылы еліміздің дамуына өз үлесін қосады. Бүгінгі кәсіби мерекеде ел сенімін арқалаған маңызды саладағы еңбектеріне жемісті нәтиже, сарқылмас күш-қуат, асқақ абырой тілеймін!

 

                       Б.Кангужин,

Алға ауданы әкімінің

Әдеп жөніндегі уәкілі