Балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайтын Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы Рыскүл Мынбаева осы жолы Қарағаш ауылдық округіне ат басын тіреп, ауылдың балақайларын құттықтап, тәтті сыйлықтарды табыстады.

Аниматорлар мерекенің сәнін келтіріп, ерекше жандарда ұмытылмас әсер қалдырды. Кей адамның бойынан табу қиын мейірімділікті оятатын – кішкентай бүлдіршіндер. Осы тұста бүлдіршіндер мен олардың ата-анасының ризашылығын алған Рыскүл Мынбаева ерекше жандардың қоғамдағы орны ерекше екенін айта келе, Жаңа жыл қарсаңында барлық балалар мен отбасыларына жылы лебізін жеткізді.

Мадина БОЛАТБЕК