Ауыл шаруашылығы санағы

2025 жылы елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы өткізіледі. Бұл туралы шешім 2023 жылғы 26 сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасына және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес қабылданды. Санақ 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтеді. Санақ ауыл шаруашалығының нақты жай-күйін бағалауға, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған саясатты әзірлеуге, сондай-ақ болашақтағы таңдаулы бақылаулар мен есепке алулар үшін қажетті база қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Санақ 2 кезеңмен өткізіледі:

Онлайн кезең 2025 жылғы 1 -31 тамыз аралығында өткізіледі. Бұған өсімдік және мал шаруашылығымен, балық өсірумен айналысатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтары қатысуы тиіс. Онлайн сауалнаманы gov.kz сайты арқылы өтуге болады.

Офлайн кезең 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өкізіледі. Бұл кезеңде интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтіп үлгермеген, бау-бақшасы бар және мал ұстайтын үй шаруашылықтарына барып, сауалнама жүргізетін болады.

Ауыл шаруашылығы санағы – мемлекет дамуы үшін маңызды науқан. Сондықтан аграрлық саланың барлық қатысушыларын санақтан өтіп, еліміздің ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.