Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет egov.kz және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетіледі, көрсету нәтижесі: сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама беріледі. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтінішті және мынандай құжаттарды ұсынады:

1) мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін – мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы (сәйкестендіру үшін).

Мемлекетік  қызмет көрсету және басқада мәселелері бойынша толық ақпаратты, «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ байланыс телефоны 41206  телефоны арқылы алуға болады.

Біздің мекен жайымыз: Алға қаласы, Байтұрсынов к-сі 20 үй, №106 кабинет.

 Г.Бошанова,
ауданық ЖҚ және ӘБ бөлімінің бас маманы