ҮЙГЕ ЖЫЛУ БЕРІЛДІ МЕ? САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Ауа-райының салқындауына байланысты қатты отынмен және газбен жылытылатын пештерді орнату және пайдалану ережелерінің бұзылуы, сонымен қатар тұрмыстық электр жылытқыш аспаптарды (электірлік жылтқыштар, майлы радиаторлар және т.б) қолдану ережелерінің сақталмауына байланысты өрттердің саны артуы мүмкін.
Осындай өрттердің алдын алу мақсатында жылыту пештері мен электржылтқыш аспаптарды қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
- Жылыту маусымы алдында үйлердегі пештер тексеріліп, жөнделуі тиіс;
- Өртке қарсы бөлімдер мен шегіністер зақымдалмауы керек, ал от жағатын тесігінің қасындағы ағаш немесе басқа материалдан жасалған еденде көлемі 0,5 және 0,7 метр өртке қарсы қаңылтыр төселуі тиіс;
- Жыл сайын жылыту маусымы басталар кезде, сонымен қатар маусым ішіндегі 3 айда, кемінде 1 рет түтіндік пен от жағылатын пештерді күлден тазарту қажет;
- Өрт туындау қаупін болдырмайтын жылу қорғау құрылғысымен (термореттегіш) жабдықталмаған, жанбайтын, жылу оқшаулауыш материалдан жасалған тұғырсыз электр үтіктерін, электр плиткаларын және басқа да электр жылытқыш құралдарын қолдануға тыйым салынады. Термореттегіштермен және жылу қорғау құрылғысымен жабдықталған электр майлы радиаторлар бөлмелерді жылыту үшін өрт қауіпсіз аспап болып есептеледі.
Сонымен қатар электр жылытқыш аспаптарды қолдану жөніндегі зауыттың нұсқаулықтары талаптарын сақтау қажет. Барлық азаматтардан қырағылық танытып, мұқият болуға шақырамыз!
Өрт қауіпсіздігі ережелерін ұмытпаңыздар және сақтаңыздар!
Алға ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі