Алға ауданында мүгедекті анықтау, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көшпелі отырыс

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы А.Низамутдинова, бас мамандар- К.Елеусизова, Г.Тажикенова 2025 жылдың шілде айының 10-11 аралығында Алға ауданында кезекті көшпелі отырыс өткізді. Көшпелі отырыста барлығы – 45 адам қаралды.

10 шілде 2025 жылы Алға аудандық орталық аурухана базасында аудандық аурухананың дәрігерлерімен семинар өткізілді, онда сырттай проактивті тексеру, жолдаманың негізділігі және сапасы бойынша сұрақтар (нысан 031\у), медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу мәселелері айтылып өтілді. Сонымен қатар оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлеудің негізділігі, мүмкіндігі шектеулі ересектер мен мүгедек балаларды санаториялық-курорттық емдеуге, оңалту орталықтарына, мүгедектерге арналған тифлотехника, сурдотехника және гигиеналық құралдарды, көрсетуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, атап айтқанда профилактикалық алдын алу шаралары, лауазымдық құқық бұзушылықтардың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын дәрігерлердің назарына жеткізді.

 

А.Низамутдинова,

 № МӘС бөлімінің басшысы