Алғада ахуал тұрақты
Алға қаласы бойынша 26 наурыздан бері жедел желіге су тасқынына қатысты 217 өтініш түсіп, барлығына көмек көрсетілді. Оның ішінде, 76 өтініш Алға қаласы бойынша, қалған 141-і ауылдық округтерден.
Лезде қала бойынша деңге
йі көтерілген қар суын бөгеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округтерде де суағарлардың арнасын кеңейтілді.
Жедел штаб өкілдері күні-түні тұрғындардан түскен өтініштер бойынша жұмыстанып
, барлығы
на көмек көрсетті. Оның ішінде, Алға қаласы бойынша түскен өтініш тікелей аудан басшысының назарында болды.
Қала бойынша деңгейі көтерілген қар суын бөгеу жұмыстары жасалды. Тұрғын үйлердің ауласына
кірген суды сорғылау үшін 4 электр насос, су сорғылайтын көлік (илосос) жұмылдырылды. Еріген судың бағытын бұру мақсатында 2 трактор жұмыс жасады. Осы тұста жеке кәсіпкерлерден су сорғылайтын көлік пен трактор көмекке берілді. Қауіпті аймақта орналасқан «Лиман» ауданындағы 5 үйдің маңын өзен суынан бөгеу мақсатында 2 Камаз (40 тонна) құм жеткізіліп, бөгет жасақталды.
Жол қатынасы бойынша Көктоғай, Көлтабан, Бесқоспа ауылына апарар жолдарға шектеу қойылды. Сонымен қатар Көлтабан, Бесқоспа ауылдары мен Подхоз елді мекені Елек өзенінің арнасынан шығып кетуіне
байланысты электр жарығынсыз қалды. Қазіргі таңда Подхоз елді мекенінде авариялық генератордың
көмегімен жарық қосылды.
28 наурызда түскен ақпарат бойынша Көктоғай, Көлтабан, Бесқоспа ауылдарына жол қатынасына шектеу қойылды. Сонымен қатар, Көлтабан, Бесқоспа ауылдары электр жарығынсыз қалды. Қазіргі таң
да Көлтабан ауылында генератор қосылып, жарықты қосу жұмыстары жүргізілуде. Сең жүру салдарынан Бес
қоспадағы 3 электр бағанасы құлаған. Бүгінде ауылға апарар жолды су басып жатыр. Осы тұста жөндеу жұмыстарын жүргізу барысы пысықталуда. Аудан әкімінің бастамасымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен Бестамақ ауылдық округі әкімшілі тұрғындардың аралда қалып қойған жылқыларын тасымалдауға көмектесті. Сонымен қатар, бірқатар шаруа қожалықтарына жарық қосу үшін генераторлар жеткізілді.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындары, шаруашылық малдарына қауіп төніп тұрған жоқ.
Бесқоспа ауылдық округінде «Көсем», «Шолақ» бөгеттерінен келген судың көптігінен екі ауланы су басу оқиғасы орын алды. Сондай-ақ, ауылішілік жерлерге, оның ішінде дәрігерлік амбулатория ауласына су кіру фактісі орын алды. Суды бөгеу мақсатында 5 тонна құм қапшықтары, одан бөлек «Шолақ» бөгетіне 10 тонна қап құмы қойылды. «Мендыбай-Қарағаш» ШҚ, ауыл әкімшілігі, өрт сөндіру бекеті қы
зметкерлері мен ауылдың белсенді жастары жұмыл
дырылып, дамбыдан су асып-тасу қаупі жойылды.
Төтенше жағдайдың орын алуына байланысты Алға қаласы мен ауылдық округтер
де түнгі кезекшілік қойылып, жүйелі түрде жұмыс жасауда. Бүгінде Алға ауданында ахуал тұрақты.
P.S: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші жұмыстың қиындығына қарамастан жауапты органдармен қатарласа жүріп Алға қаласы мекемелерінің ер азаматтары, қоғам белсенділері құм салынған 900 қап дайындады. Оларды қауіпті аймақтарға тасымалдап, су бағытын бұруға, бөгет орнатуға жеткізілді.
Мадина БОЛАТБЕКҚЫЗЫ