Елімізде Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды. Бұл қадам мемлекеттік басқару жүйесіне мықты мамандар тарту мақсатында жасалмақ. Білімі мен білігін, ел үшін маңызды мәселелерді шешуге деген ұтымды ойларын ортаға сала білген жастар іріктеліп, тізімге алынады. Кейін осы резервке іліккендер басқарушылық қызметтерге ұсынылады.
Осы тұста Ақтөбе облысының кадрлық комиссиясы Ақтөбе облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Үміткерлерге қойылатын талаптар қандай?
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға қойлатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
- құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
- жоғары білімі болуы;
- үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Іріктеу неше кезеңнен тұрады?
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
- индустрия және өнеркәсіп;
- экономика және қаржы;
- әлеуметтік сала;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
- агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
- цифрландыру.
Құжаттарды қабылдау тәртібі қандай?
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта aqtobe@onir.pkrezerv.gov.kz арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 114 кабинет.
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктеуі керек.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформасынан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ 8(7132) 55-09-65 телефоны арқылы алуға болады.
Алға ауданы әкімдігі