Ата заң – мемлекетіміздің берік негізі.
Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасына сәйкес, құжаттың мазмұнына елеулі өзгерістер енгізіліп, оның шамамен 84 пайызы жаңартылды. Конституцияға енгізілетін өзгерістер – уақыт талабына сай қоғамды дамытуға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Әрбір реформа – ел болашағы үшін қабылданған жауапты шешім. Қоғам дамыған сайын, заман талабына сәйкес Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындайды.
Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру. Ата заңға енгізілген әрбір өзгеріс мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, әділеттілік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталады.
Ш.Тлегенова,
қоғам белсендісі