Ата Заңым, ар-намысым, айбарым
30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Бұл күннің маңызы зор, себебі әр азаматтың ерік-жігері мен таңдауы заң аясында жүзеге асып, арман-қалауы ардақталған елде ғана саяси тұрақтылық пен бейбіт ахуал орнайды.
Осы ұлық мереке қарсаңында аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара басталар алдында жиналған жұрт Қазақстан Республикасының Әнұраны мен Ата заңына құрмет көрсетті.
Бұл күні аудан әкімінің орынбасары Болатбек Таңжарбайұлы аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтап, елдің құқықтық негізі мен мемлекеттік біртұтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты шара аудан өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Бағдарламада «Ата — заң» ,«Сүйемін сені Қазақстаным», «Туған ел», «Қазақ биі», «Отаным Қазақ елі» атты патриоттық әндер шырқалды.
Мәншүк САПАРОВА