20-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кестесіне сәйкес автокөлік құралдарының ұрлануы мен айдап әкетуінің алдын алу және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында Алға ауданы аумағында «Автокөлік» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.

Осы іс-шара аясында Алға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ТҚС аумақтары және бөлшектеу орталықтары тексерілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Алға ауданының аумағында автокөліктерді ұрлауға және айдап әкетудің алдын алу, сондай-ақ ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру. Сонымен қатар мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің көлік жүргізу тәртібін арттыру мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

Жедел алдын алу іс-шаралары барысында автокөлік құралдарының айдап әкетілуі мен ұрлануының алдын алу және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында түсіндерме жұмыстары жүргізілді.

Автокөліктерді айдап әкету мен ұрлаудың 80% кешкі және түнгі уақыттарда жасалады. Негізінен, кешкі және түнгі көрсеткіштер «мас» күйдегі ұрлықтармен байланысты. Онда қылмыскер көлікті жай жүру немесе үйге жету үшін ұрлап жатады. Сондай-ақ, түнгі уақытта «бөлшектеуге» арналған көліктер ұрланады.

Автокөлік ұрлығының құрбаны болмау үшін азаматтарға берілетін кеңестер:

  • Автокөлік салонында, тіпті бірнеше минутқа орындықтарда жеке заттарын (сөмкелер, ноутбуктер, ұялы телефондар және басқа да бағалы заттар мен құжаттар) қалдырмаңыз;
  • Егер көлігіңізді тұраққа немесе көшеге қоятын болсаңыз, әйнек пен алдыңғы панельден анти-радарларды, DVR, GPS навигаторларын, автомобиль радиосынан алынбалы панельдерді шешіп алыңыз. Мұның бәрі қылмыскерді ұрлық жасауға тартады.
  • Автокөлігіңізді үйлердің аулаларында, көшелердің жарықтандырылмаған учаскелерінде қалтырмаңыз. Жалпы автокөлікті қараусыз қалдырмаңыз;
  • Машинадан шыққан кезде, тіпті қысқа уақытқа болса да, қолда бар дабылды, басқа да күзет құралдарын қосыңыз;
  • Автокөлікте ұялы телефондарды, құнды заттарды, ерекше құнды заттар мен құжаттарды көрнекті жерде қалдырмаңыз;
  • Егер сіз автомобильдің дөңгелегін ауыстыруыңыз керек болса немесе кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізсеңіз, барлық есіктерді жабыңыз;
  • Егер бейтаныс адамдар сізге доңғалақты тесіп, қозғалтқыштан май ағып жатқанын көрсетсе, ешқандай жағдайда олармен келіссөз жүргізбеңіз, қырағылықты күшейтіңіз. Техникалық көмек немесе маңызды көмек шақырыңыз. Қажет болған жағдайда полиция қызметкерлерін шақырыңыз.

Есіңізде болсын! Мүлікке мұқият қарау сізді жағымсыз жағдайлардан құтқарады. Егер сіз қаскүнемдердің құрбаны болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарлаңыз. Жедел-тергеу тобының келуін күтіңіз және көлікте ештеңеге қол тигізбеңіз, қылмыстың іздерін жоймаңыз.

Қ.Алишев,

Алға ауданы полиция бөлімі

бастығының орынбасары,

полиция подполковнигі