Бүгінгі күні елімізде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Алайда, АЭС-тің артықшылықтары мен оның Қазақстанның энергетикалық болашағы үшін маңызын атап өту маңызды.
Ең алдымен, АЭС – бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігіне кепіл. Бүгінде біз сырттан импортталатын энергия көздеріне тәуелдіміз. Ал АЭС сынды сенімді энергия көзі елдің ішкі қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, энергетикалық тәуелсіздікті де арттырады.
Сонымен қатар, АЭС — жаңа технологиялар мен білімнің дамуына жол ашатын жоба. Қазақстандық ғалымдар мен инженерлерге өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның инновациялық әлеуетін нығайтуға септігін тигізеді.
Экономикалық тиімділік те маңызды рөл атқарады. АЭС ұзақ мерзімді перспективада арзан әрі сенімді электр энергиясын өндірудің негізгі көзіне айналуы мүмкін. Бұл – еліміздің экономикасын тұрақты және алға жылжуға ынталандыратын қадам.
Осы аталған және өзге де оң өзгерістерге басталған қадамның аяқ алысы оңынан болсын деймін. Артылған үміттер ақталатын шешім болуына тілектеспін.
Бақыт Ерғалиева,
Алға аудандық Аналар кеңесінің төрайымы