Ел болашағына бағытталған тарихи шешім


Жаңа Конституция жобасымен таныса келе, оның мазмұны заманауи, адамға бағытталған мемлекет қалыптастыруға негізделгенін аңғардым. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтарының басты құндылық ретінде айқындалуы – қоғам сұранысына жауап беретін маңызды өзгеріс. Бұл әр азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиеті мемлекет назарында екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, бірлік пен келісімнің, этносаралық және конфессияаралық татулықтың негізгі қағида ретінде бекітілуі – ел тұрақтылығының кепілі. Егемендік, Тәуелсіздік, унитарлық құрылым мен аумақтық тұтастықтың мызғымас құндылықтар ретінде айқындалуы болашаққа деген сенімді арттыра түседі.

Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатты қорғау қағидаттарының конституциялық деңгейде көрініс табуы – жауапкершілігі жоғары, құқықтық мәдениеті қалыптасқан қоғам құруға жол ашады. Ал халықтың мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде нақты көрсетілуі демократиялық негіздерді күшейтеді.

Тұтастай алғанда, бұл жаңашылдықтарды ел дамуына серпін беретін, азаматтардың құқығын қорғауға және әділетті қоғам орнатуға бағытталған өзекті қадам деп бағалаймын.

Ж.Тлегенова,

қоғам белсендісі