Елімізде және облысымызда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының ашылуы – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Бұл бастама арқылы жастар елімізде отырып, әлемдік деңгейдегі білім алып, халықаралық диплом иелене алады.
Шетелге кетпей-ақ осындай жоғары деңгейде білім алу мүмкіндігі – елдің білім беру жүйесінің жаңа сатыға дамуының көрсеткіші және жас ұрпақтың өз Отанының өркендеуіне үлес қосуына жол ашуы.
Сонымен қатар, ғылыми және кадрлық әлеуетті нығайту, IT-технологиялар мен жасанды интеллект саласында жаңа бағыттардың ашылуы – заманауи қоғамның қажеттілігі деп білемін. Мұндай бастамалар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ғылым мен технологияның дамуына үлкен серпін береді.
Жастардың осы салаларда жетістікке жетуі елдің болашағына деген сенімді нығайтады.
М.Агупова,
белсенді жас