Көптен күткен күрделі жөндеу

Алға аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов, Алға аудандық «AMANAT» партиясы Алға аудандық филиалының атқарушы хатшысы Динара Кубесова, Алға білім бөлімінің басшысы Гүлназ Мырзагалиева В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Іргетасы 1932 жылы қаланған білім ордасы бүгінде 650 оқушыны білім нәрімен сусындатып отыр. Мұғалімдердің ғана емес, оқушылардың да арманы орындалып, жаңа оқу жылында жаңарған мектеп табалдырығын аттамақ.

Білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстарын «Алихан ойл 3» ЖШС компаниясы жүргізіп жатыр. Келісім шартқа отырған мердігер күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылатынын, сонымен қатар, жөндеу жұмыстары жазғы демалыс аяқталғанға дейін аяқталады деп сендіруде. Дәлірек айтсақ, ғимараттың сыртқы және ішкі жұмыстары толығымен жасалады. Жобаның жалпы құны 442938176,89 тенге.

Мәншүк САПАРОВА