«Көркем тіл-көрікті жарнама» акциясы өтті
Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл. Осы орайда, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JasAqtobe2022» қоғамдық қоры Алға ауданында «Көркем тіл-көрікті жарнама» акциясын өткізді. Акцияға «JasAqtobe2022» ҚҚ өкілі Әсел Базарбай, қоғам белсендісі Ділназ Шакеева, «JasAqtobe2022» ҚҚ басшысы Асқар Кабиев, тіл маманы Данияр Бауыржанұлы, «Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы Венера Смайл қатысты.
Топ тұрғылықты жердегі бірнеше кәсіпкерлік нысандарға көрнекі ақпарат пен жарнаманың«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы»Заңының талаптарына сай рәсімделіп, орналасуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына әдістемелік көмек көрсетіліп, Тіл туралы Заңның баптары жазылған жаднамалар таратылды.
В.Смайл,
«Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы