Бұл құжатта әр азаматтың ана тілін құрметтеу, көптілділікті дамыту және барлық этностардың мәдени ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік беру қағидалары көрініс табуы – ел бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғауға бағытталған нақты нормалардың енгізілуі, әсіресе сөз бостандығы, ар-ождан еркіндігі және заң алдында теңдік қағидаларының бекітілуі – құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды шарты болып саналады.
Әлеуметтік кепілдіктердің нақты жазылуы да халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қадам екенін көрсетеді. Білім алу, медициналық көмекке қол жеткізу, еңбек ету және әлеуметтік қорғау мәселелерінің заң жүзінде нақты белгіленуі – азаматтардың болашаққа деген сенімін күшейтеді. Бұдан бөлек, жалпыұлттық референдум арқылы халықтың маңызды шешімдерге тікелей қатысу мүмкіндігі – демократиялық құндылықтарды тереңдетудің тиімді жолы. Бұл азаматтардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтады.
Сондықтан билік пен халық арасындағы ашық диалогты дамыту, қоғамдық пікірді ескеру және әр азаматтың даусын маңызды деп тану – тұрақты әрі әділетті қоғам құрудың басты негіздерінің бірі. Осындай бастамалар елдің саяси мәдениетін көтеріп, болашақта бірлікке негізделген, құқықтары қорғалған, әлеуметтік тұрғыдан тұрақты қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Л.Тлеумұратова,
жас белсенді