Конституцияның преамбуласы – мемлекеттің рухани және саяси бағдарының айқын көрінісі. Кез келген азамат елдің негізгі ұстанымдарын дәл осы бөлімнен аңғарады. Жаңа Конституция жобасында бейбітшілікке, келісім мен халықаралық ынтымақтастыққа басымдық берілуі – Қазақстанның тарихи таңдауы мен қалыптасқан саяси мәдениетінің заңды жалғасы.
Бұл – жай ғана декларация емес, ел дамуының берік қағидаты. Қазақстан әрдайым диалог пен өзара құрметке негізделген саясатты ұстанып келеді. Преамбулада осы бағыттың нақты көрсетілуі құжаттың мазмұнын тереңдете түседі және ішкі тұрақтылық пен сыртқы саясаттағы сабақтастықты айқындайды.
Ядролық қарудан өз еркімен бас тарту – мемлекетіміздің бейбіт миссиясының жарқын дәлелі. Кейінгі жылдары халықаралық келіссөздер алаңын ұсыну, түрлі бастамалар көтеру – осы ұстанымның жалғасы. Сондықтан жаңа Конституцияның преамбуласы бейбітшілік идеяларымен басталуы – символдық қана емес, стратегиялық маңызы бар шешім. Бұл Қазақстанның әлем алдындағы жауапкершілігін және халықаралық беделін нығайта түседі.
Д.Бекжан,
жас белсенді