«Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) алу үшін өтініш беруші «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын, мүгедектігі бар адамның тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне өтінішпен және мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.
Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы (сәйкестендіру үшін);
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.
- ҰОС қатысушылары, ҰОC мүгедектігі бар адамдары өтінішке ҰОC қатысушылар, ҰОC мүгедектігі бар адамдар немесе ҰОC мүгедектігі бар адамға теңестірілген адам куәлігін қоса береді.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Мемлекетік қызмет көрсету және басқада мәселелері бойынша толық ақпаратты «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 41206 байланыс телефоны арқылы алуға болады.
Біздің мекен жайымыз: Алға қаласы, Байтұрсынов к-сі 20 үй,№106 кабинет.
Ауданық ЖҚ және ӘБ бөлімі